Жолымбек Кенжетай

Кенжетай Жолымбекұлы 1943 жылдың 1 тамызында Төлеби ауданы, Көксәйек ауылдық округінде Қазақстан елді мекенінде туылған.

Орта мектепті 1962 жылы, Семейдегі ет-сут технологиялық институтын 1967 жылы бітірді.

1968 жылы 3 қаңтардан сәуір айына дейін Төлеби ауданындағы «Георгиевка май-сүт зауытында» инженер-технолог болып қызмет етті.  Ал 1968 жылдың сәуір айынан 1971 жылдын каңтар айына дейін Леңгер (Төлеби) аудандык комсомол комитетінде бөлім меңгерушісі, 1974 жылдың шілдесіне дейін Леңгер (Төлеби) аудандык партия комитетінде нұскаушы болып жүмыс атқарды.

1974 жылдың шілдесінен 1976 жылдың тамызына дейін Төлеби ауданы, «Георгиевка (Көксәйек) май-сүт зауытының» директоры қызметінде. 1976-1978 жылдары Георгиевка (Көксәйек) атқару комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді. 1978-1982 жылдары ақпан айына дейін "Победа"- колхозы партиясының хатшысы, ал 1982 -1985 жылдары «Калинин атындағы» ұжымшардың, 1985 жылдың қазан айынан 1989 жылдың кыркүйек айына дейін «С.Сейфуллин атындағы» ұжымшардың төрағасы болып қызмет жасады. 1959- 1994 жылдары Төлеби аудандық шаруалар одағының төрағасы , ал 1994 жылдың қаңтарынан 2003 жылдың кыркүйегіне дейін Көксәйек ауыл округінің әкімі болып жұмыс атқарды. Үшінші шақырылымдағы Төлеби аудандық мәслихатының хатшысы, төртінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың депутаты, аудандық мәслихат тексеру комиссиясының төрағасы, 2010 жылдың желтоқсан айынан аудандағы Ардагерлер кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Қызмет барысында еткен еңбек, төккен тер ақталып, біршама марапаттауларға ие болды. «Қазакстан Республикасы Парламентіне 10 жыл» және «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

2006 жылдың наурыз айында болған кезекті мәслихат сессиясында «Төлеби ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.